
Судьяларды іріктеудіңа шықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды конкурсқа қатысатын кандидаттар туралы пікір бөлісуге шақырады.
Бүгінгі күні Жоғары Сот Кеңесі 292 бос судьялық орынға конкурс өткізуде.
Пікірді кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 27 сәурді қоса алғанда "Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері" бөлімінде қалдыруға болады (өту).
Қоғамдық пікірмен қатар іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері зерттеледі. Бұдан басқа, кандидаттар адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандары кіретін конкурстық комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты