
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 5 судьясына қатысты 5 тәртіптік іс қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар судьялар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облысының судьясына қатысты судья әдетіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Алматы қаласының екі судьясына қатысты судья лауазымынан босату туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі Шымкент қаласы мен Ақмола облысының судьяларына қатысты екі тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты