Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды іріктеу процесін жетілдіру мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды іріктеу процесін жетілдіру мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында судьяларды іріктеу жүйесінде HR – менеджмент компоненттерін толық пайдалану жөніндегі шаралар көзделген.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекет Басшысы Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғарғы соттың алдына сот жүйесін жаңарту және күшті корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың судьялық мамандыққа келуі бойынша міндеттер қойды.

 

Судьяларды іріктеу және мансаптық жоғарылату кезінде HR – менеджмент құралдарын қолдану дағдыларын одан әрі дамыту мақсатында Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстандағы американдық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен бірлесіп халықаралық және Ұлттық сарапшыларды тарта отырып, судьяларды іріктеу процесін жетілдіру жөнінде семинар-тренинг өткізді.

Семинарға Жоғары Сот Кеңесінің, Кеңес жанындағы Сот жюриінің мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның судьялары - мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының оқытушылары, сондай-ақ Кеңес Аппаратының қызметкерлері қатысты.

 

Кеңес мүшесі Марат Жұмағұлов пен Америкалық заңгерлер қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Шолпан Ташмұхамбетова құттықтау сөз сөйледі.

Семинардың негізгі спикерлері-Қазақстан Республикасы қауымдастығы HR үйлестіру кеңесінің президенті Гүлмира Раисова және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерді бағалау орталығының басшысы Мөлдір Қамзина бүгінгі таңда судьяларды іріктеу кезіндегі негізгі критерийлердің бірі болып табылатын құзыреттер бойынша сұхбат жүргізу негіздері бойынша практикалық тренинг өткізді.

 

Халықаралық сарапшылар Кэролин Дубай мен Николас Тайн семинарға қатысушыларды АҚШ пен Нидерландыда судьяларды іріктеу және тәртіптік жауапкершілік бойынша халықаралық тәжірибемен таныстырды.

Соңында сындарлы пікір алмасылып, семинар тақырыбы бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар алынды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты