Ағымдағы жылдың 25 ақпанында онлайн-семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында онлайн-семинар өткізілді

Ағымдағы жылы 25 ақпанда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы А.А. Қасымов Атырау облыстық сотының базасында еліміздің батыс өңірінің судьяларымен «Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі: Сот жюриі қызметінің теориясы мен практикасының мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Онлайн-семинар жұмысына қашықтық форматында Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары соттарының төрағалары мен судьялары қатысты.

Сот жюриінің төрағасы А.А. Қасымов Сот жюриінің қызметін ұйымдастыру және оның қорытындылары туралы, сондай-ақ 2019 жылы Жоғарғы Соттан бөлініп, Жоғары Сот Кеңесінің жанында тәуелсіз және дербес институт ретінде Кеңес қарамағына ауыстыру арқылы органды жаңғырту туралы ақпаратты судьялардың назарына жеткізді.

Сонымен қатар, тәртіптік практика процесінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды, тәртіптік істер мен Сот жюриіне жіберілетін материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар түсіндірілді.

Бұдан басқа, судьяларды «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өткен жылы желтоқсанда қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес судьялардың тәртіптік жауапкершілігі тетіктерін жетілдіруге бағытталған түзетулер туралы хабардар етті.

Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша Сот жюриінің төрағасы қойылған сұрақтарға егжей-тегжей жауап берді, пікір алмасты.

 

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты