Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2022 ж. 24 ақпанында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Шара барысында Кеңес бірқатар аудандық және оларға теңестірілген соттарды таратуға және олардың штаттық құрылымын өзгертуге келісім берді. Жоғарғы Сот Төрағасының зейнет жасына жеткен бір судьяны лауазымында қалдыру мерзімін ұзарту туралы ұсынысына келісім берілді.

Бұдан бөлек, Кеңес мүшелері ЖСК жанындағы жұмыс органдарының 2021-ші жылы атқарға қызметтері туралы есебін тыңдады. Соның ішінде Біліктілік комиссиясы, Сот жюриі және кадр резерві жөніндегі Комиссиясы бар.

Сонымен қатар, аудандық сот судьясы лауазымына тұңғыш рет тағайындалған 24 тұлғаның жұмыс нәтижелері де қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша олардың барлығы судья лауазымына лайық деп танылды.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – Республика соттарының 24 судьялары мен төрағаларын лауазымынан босату туралы ұсыныстарды қаралды.

Бұдан өзге, Кеңес Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссиясы мен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімдеріне түскен 4 шағымды қарады.

Кеңес қабылдаған шешімдер туралы толық ақпарат ЖСК ресми сайтында жарияланатын болады.

 

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты