Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың судьяларына қатысты 11 тәртіптік іс қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша жеті судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Алматы қаласы, Ақтөбе және Атырау облыстарының аз жұмыс өтілі бар бірқатар судьяларына қатысты ескерту түрінде жаза қолданылды, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аудандық соттарының үш судьясына сөгіс жарияланды.

Судьяларды жауапкершілікке тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың бұзылуы негіз болды.

Сонымен қатар, Сот жюриі судьялардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылықтың болмауына байланысты төрт тәртіптік істі тоқтатты.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты