Жоғары Сот Кеңесі ақпарат алу бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтеді

Жоғары Сот Кеңесі ақпарат алу бойынша  өз мүмкіндіктерін кеңейтеді

Азаматтарға неғұрлым жедел кеңес беру мақсатында және кері байланыс құралдарына қосымша Жоғары Сот Кеңесі «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлерінде кеңес беру мүмкіндігін іске қосты.

Осы байланыс арналары арқылы азаматтар біліктілік емтиханы, конкурстық іріктеу, кадр резерві, Сот жюриі мәселелері жөніндегі консультациялар ала алады.

Ол үшін «Whatshapp» немесе «Telegram» - 87770316891 телефон нөміріне жұмыс күндері — 9:00 - ден 18:00 – ге дейін (түскі үзіліс-13:00-ден 14:30-ға дейін) хабарлама жіберу керек, демалыс күндері-сенбі және жексенбі.

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты