
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының 2021 жыл бойынша жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы жариялаймыз.
Ұлттық баяндамада Жоғары Сот Кеңесі жүргізген жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ елдегі судья кадрларының жай-күйін сипаттайтын толық ақпарат пен материалдар қамтылған.
Атап айтқанда, Ұлттық баяндамада судьяларды даярлау, мансаптық өсу және судьялық лауазымдарға кадр резервіңің жай-күйі, біліктілік емтихандары мен судьялық лауазымдарға конкурстар өткізу туралы ақпарат берілген.
Сонымен қатар баяндамада судьяларды кәсіби бағалау мен олардың тәртіптік жауапкершілігі, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімдеріне шағымдарды қарау, судьялар корпусының ауысуы туралы да ақпарат берілген.
Ұлттық баяндаманың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында танысуға болады.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты