Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысында жергілікті соттардың судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Атырау, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының және Шымкент қаласының бес судьясы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды ​​және Маңғыстау облыстары соттарының үш судьясына қатысты сөгіс түріндегі жаза қолдану туралы қаулы шығарылды. Судьяларды жауапкершілікке тартуға істерді қарау кезіндегі заң бұзушылықтар негіз болды.

Сонымен қатар, Сот жюриі іс құрамының болмауына байланысты бір тәртіптік іс тоқтатылды.

Жоғарғы Сот Кеңесінің Аппараты