
2021 жылғы 6 желтоқсанда судья лауазымына біліктілік емтиханынның шеңберінде заңнаманы білуін компьютерлік тестілеу өткізілді.
Тестілеуге 47 адам қатысты, олардың ішінде 20 кандидат оң нәтижерелді көрсетті (сот жүйесінің қызметкерлері – 6, адвокаттар – 7, прокурорлар – 2, ұйымның заңгерлері – 2, нотариус – 1, құқық қорғау органдарының қызметкері – 1, жұмыссыз - 1).
Аталған кандидаттар біліктілік емтиханынның келесі кезеңдеріне –эссе жазу, кейстегі есептерді шешу және Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуге жіберіледі.