
Ағымдағы жылы 5 қарашада Шымкент қалалық сотында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы А.А. Қасымов және Жоғары Сот Кеңесінің аппараты Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.А. Сәлімжан Сот жюриінің қызметі туралы және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелері бойынша өңірлік онлайн-семинар өткізді.
Қашықтық форматта онлайн-семинар жұмысына Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының жүзден астам соттарының төрағалары мен судьялары қатысты.
Сот жюриінің төрағасы А.А. Қасымов көрсетілген өңірлердің судьяларының назарына Сот жюриінің практикасы, Судья әдебі кодексінің талаптары және халықаралық стандарттарға сәйкес судьялардың тәртіптік жауапкершілігі механизмдерін жетілдіру бойынша қабылданып отырған шаралар туралы ақпаратты жеткізді.
Бөлім бысшысы Қ.А. Сәлімжан Сот жюриінің қарауына жолданатын судьяларға қатысты тәртіптік істер мен материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды түсіндірді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты