Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда аудандық және облыстық соттардың судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырысының қорытындысы бойынша 2 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың біреуіне судья лауазымынан босату, басқасына - ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот істін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны және судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны негіз болды.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты