Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 17 маусымында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда аудандық және облыстық соттардың судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды. Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша 9 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сегіз судьяға ескерту, бір судьяға сөгіс түріндегі жаза қолданылды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны және судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны негіз болды.

Судьялардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Сот жюриі екі тәртіптік істі тоқтатты.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты