
2021 ж. 11 ақпанында бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот судьясы басқа судьяның қызмет орнын ауыстыруға ықпал ету үшін пара алу үстінде ұсталуы туралы ақпарат тарады.
Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметі келесіні хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттағы судья 2019 ж. ақпаны мен 2020 ж. Желтоқсан аралығында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болған.
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңына сәйкес, Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелері 10 адамнан тұрады. Оның 8-і қазіргі таңда судья. Кеңес құрамына судьяларды Жоғарғы Сот өзінің алқа мәжілісінің отырысында сайланып (Жоғарғы Сот судьяларының барлығы мақұлдап) ұсынылады. Кеңес мүшелері әр біржарым жыл сайын ауысып отырады. Жоғары Сот Кеңесінің құрамы соңғы рет 2020 ж. желтоқсан айында жаңарды.
Қызмет атқарып жүрген судьяларды бір соттан басқа сотқа ауыстыруға қатысты: мұндай ауыстырулар конкурстан тыс тәртіпте тек Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымымен Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде іске асуы мүмкін. Жоғарғы Сот Кеңесі осы шешімді негізге алып, ұсыныс жасайды.