Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының 2020 жылдың қорытындылары бойынша жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ресми түрде ұсынады

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының 2020 жылдың қорытындылары бойынша жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ресми түрде ұсынады

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасындағы судья кадрларының 2020 жылдың қорытындылары бойынша жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы ресми түрде ұсынады.

Бұл Жоғары Сот Кеңесінің үшінші рет әзірлеген дәстүрлі ресми бюллетені. Тұңғыш рет судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама 2018 жылдың қорытындылары бойынша жарияланған болатын. Жұртшылыққа Қазақстан судьялары корпусының сандық және сапалық құрамы туралы жүйеленген және барынша толық ақпарат ұсынылады.

Құжатта елдің судьялар корпусы жай-күйінің кешенді сипаттамасы беріледі, судья кадрларының жағдайына талдау жүргізіліп, бағаланады, сондай-ақ кандидаттарды дайындау мен іріктеудің жаңғыртылған жүйесі сипатталады.

Ұлттық баяндамада Қазақстан соттарының қызметін ұйымдастырушылық-кадрлық қамтамасыз етудің дерлік барлық аспектілері қамтылған. Бұл ретте судья кадрларын іріктеу және ілгерілету жүйесінің және Жоғары Сот Кеңесі жұмысының проблемалық мәселелері мен одан әрі дамыту перспективалары көрсетіледі.

Ұлттық баяндаманы дайындау кезінде Қазақстанның судьялары және жалпы заңгерлер қаумдастығы, сондай-ақ отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдар мен кез келген мүдделі тұлғалар үшін пайдалы болуы мүмкін отандық және халықаралық тәжірибе ескерілді.

Ұлттық баяндаманың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында танысуға болады.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты