
2020 жылғы 2 қарашадағы Жоғары Сот Кеңесі жариялаған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі жарияланды.
Конкурсқа қатысуға 668 үміткер жіберілді.
51 үміткер жіберілмеді, олардың ішінде:
- судьялыққа кандидаттың жасына қойылатын талаптарға сай келмейтін (1);
- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес атқаратын тең дәрежелі лауазымда екі жылдан аз жұмыс істеген, сондай-ақ сот төрағасы лауазымда екі реттен артық қызмет атқарған (8);
- конкурсқа қатысу үшін толығымен құжаттарды жолдамаған (30);
- құжаттарды қабылдау мерзімінен кеш жолдаған (а.ж. 15 желтоқсадан кейін) (3);
- конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінішті қайтарып алған үміткерлер (3).