2021 жылы 14 қаңтарда Сот жюриінің отырысы өтті

2021 жылы 14 қаңтарда Сот жюриінің отырысы өтті

2021 жылы 14 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды. Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш судьяға қатысты сөгіс түрінде жаза қолданылды және үш судьяға ескерту жарияланды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны негіз болды.

Сондай-ақ Сот жюриімен 1 тәртіптік іс тоқтатылды және бір судьяға қатысты бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты