Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

2020 жылы 10 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды. Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша 4 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш судьяға қатысты сөгіс түрінде жаза қолданылды және бір судьяға ескерту жарияланды. 

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны негіз болды. 

Заңмен көзделген түрлі негіздер бойынша Сот жюриімен 4 тәртіптік іс тоқтатылды. Сонымен қатар бір судьяға қатысты бұрын қолданылған тіртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтінішхаты қанағаттандырылудан бас тартылды. 

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты