
Судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері туралы ақпарат
2020 жылғы 13 қарашада Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының отырысында судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері шығарылды
Эссе жазу, кейстегі есептерді шешу және Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесудің нәтижелері бойынша 8 кандидаттар санынан біліктілік емтиханынан 4 адам сәтті өтті (адвокаттар – 2, акционерлік қоғамның заңгері – 1, мемлекеттік қызметші - 1).
Аталған біліктілік емтиханына қатысқан 114 адамнан 4 кандидат оның барлық кезеңдерінен сәтті өтті.