Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

2020 жылы 10 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды. Сот жюриі отырыстының қорытындысы бойынша 2 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың біреуі жаза ретінде сөгіс алды, ал екінші судьяға ескерту жарияланды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны негіз болды.

Сонымен қатар бір судьяның іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Сот жюриімен іс-жүргізу тоқтатылды. 

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты