ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жұмыс органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жұмыс органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жұмыс органдарында бірқатар

кадрлық өзгерістер болды 

 

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының кадрлық құрамында өзгерістер болды.

Жұмыс орнының өзгеруіне байланысты Комиссия құрамынан ҚР Әділет министрлігінің өкілі Олжас Данабеков шығарылып, оның орнына аталған Министрліктің Заңнама департаментінің директоры Арман Кенжегалиев тағайындалды. Азаматтық қоғам атынан Сәуле Мектепбаеваның орнына Комиссия құрамына Асқар Қалдыбаев сайланды. Ол 2016-шы жылдан бері Атамекен арбитраждық орталығының атқарушы директоры қызметін атқарып келеді. Бұдан бөлек, Біліктілік комиссиясының құрамына заң ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Аленов сайланды. Өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты Комиссия құрамынан құқықтану оқытушылары, заңгер-ғалымдар Л.Т. Назаркулова мен Н.Р. Раззак шығарылды.

Сонымен қатар, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің құрамы да өзгерді. Адвокатура өкілі Дмитрий Братусьтың орнына республикалық авдокаттар алқасымен Нұр-Султан қаласының адвокаттар Алқасының мүшесі Сергей Яремчуктың кандидатурасы ұсынылып, мақұлданды.