
2020 жылы 6 қарашада ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Шара барысында Республика соттарының кейбір төрағалары мен судьяларын қызметтерінен босату және Жоғарғы Сот, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары бос орындарына жарияланған конкурстың қорытындысы қаралды.
Басқосуда Кеңес мүшелері сонымен қатар, зейнет жасына жеткен бір судьяның қызметінде қалу мерзімін ұзартуға келісім берді.
Соымен қатар, отырыста судьялар тарапынан Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімдеріне түскен шағымдар қаралды.
Бұдан бөлек, Кеңес мүшелері Біліктілік комиссиясы мен Сот жюриі құрамын өзгеертуге келісім беріп, Жоғары Сот Кеңесінің Регламентіне енгізілген өзгертулерді мақұлдады.
Кеңес мүшелері қабылдаған шешімдер жайлы толық ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында орналастырылады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты