
Үстіміздегі жылдың 23-24 қыркүйегінде Жоғары Сот Кеңесінде конкурстық іріктеудің бір кезеңі ретінде ҚР Жоғарғы Сотының судьясы екі бос лауазымына үміткерлермен сұхбаттасу жүргізілді.
Сұхбаттасуға барлығы облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі соттардың судьясы қызметін атқарған 16 талапкер жіберілген. Олармен сұхбатты Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелері және Жоғарғы Сот судьялары мен заңгерлер қоғамдастығының беделді өкілдері (адвокаттар) жүргізді.
Бұған дейін үміткерлердің біліктілігі HR-механизмдер арқылы қосымша бағаланған. Оны халықаралық «Ernst&Young» және «SHL» компанияларының өкілдері жүргізді. Тестілеу және ассесмент-орталық әдісін қолдану арқылы мамандар талапкерлердің негізгі сонымен қатар келесідей маңызды қабілеттерін бағалады: жүйелік ойлау; шешім қабылдау; өзін-өзі оқытуға бейімі.