
Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес мүшелерінің жұмыс отырысы өтті.
Жиын барысында Кеңес Төрағасы айқындаған басым міндеттер, сондай-ақ алдағы қызметтің негізгі бағыттары талқыланды.
Отырыста конкурстық рәсімдерді дамыту мәселелері, оның ішінде іріктеудің бағалау және цифрлық кезеңдерінің жекелеген аспектілері талқыланды. Сонымен қатар қолданыстағы регламенттік құжаттарға оларды өзектендіру және практикалық қолдану тұрғысынан талдау жүргізілді.
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмысты дәйекті түрде жалғастыруда. Негізгі бағдар — рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру бағыты өзгеріссіз қалады.