
Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлері үшін құқықтық жалпыоқыту бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кезекті оқыту семинарлары өткізілді.
Семинарлар бағдарламасы Аппараттың күнделікті қызмет тәжірибесімен тікелей байланысты өзекті тақырыптарды қамтыды: Судьялардың өкілеттіктерін босату, тоқтату және уақытша тоқтата тұру тәртібі туралы.
Оқыту барысында заңнамада көзделген негіздер мен рәсімдер жан-жақты түсіндіріліп, негізгі құқықтық аспектілер қарастырылды, сондай-ақ белгіленген талаптар мен процессуалдық кепілдіктерді қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кеңес Аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін бағалау тәртібі туралы. Қатысушыларға бағалау жүйесі, оның кезеңдері мен өлшемшарттары таныстырылып, бағалау рәсімдерінің кәсіби дамудағы, қызмет тиімділігін арттырудағы және кадрлық әлеуетті қалыптастырудағы рөлі ашып көрсетілді.
Мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыс. Қызметтік тәртіпті сақтау, мінез-құлық стандарттары мен заңнама талаптарын орындау мәселелері қарастырылып, жол берілмейтін әрекеттердің алдын алуға және мемлекеттік қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Семинарлар Аппарат қызметкерлеріне практикалық түсіндірмелер алуға, білімдерін өзектендіруге және күнделікті қызмет барысында туындайтын мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Оқыту іс-шараларын өткізу Жоғары Сот Кеңесінің құқықтық мәдениетті нығайтуға, кәсіби құзыреттерді арттыруға және мемлекеттік қызметтің тиімділігін көтеруге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Құқықтық жалпыоқыту бағдарламасы тұрақты негізде жалғасын табатын болады.