
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары әкімшілік істер жөніндегі Кассациялық сотта өткен көшпелі дәріске қатысты.
Іс-шара Академияның оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Академияны дамыту тұжырымдамасына сәйкес әзірленген және магистранттарды оқытуда практикалық бағытты көздейді.
Дәріске Кассациялық соттың судьялары, Академияның оқытушылары мен магистранттары қатысты.
Кездесу барысында әкімшілік істерді кассациялық тәртіппен қараудың ерекшеліктері, сот орындаушыларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі, сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберіндегі салық даулары бойынша сот практикасы талқыланды.
Магистранттар пікірталасқа белсенді қатысып, практикалық сұрақтар қойып, судьялармен өзара пікір алмасты.
Жоғары Сот Кеңесінің басшылығымен Сот төрелігі академиясы магистранттарды даярлауда практикалық бағытты жүйелі түрде іске асырып, сот жүйесінің болашақ кадрларының кәсіби құзыреттерін қалыптастыруда.