Астанада Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына арналған Түркі сот-құқықтық даярлық желісі аясындағы халықаралық форумы өтуде

Астанада Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына арналған Түркі сот-құқықтық даярлық желісі аясындағы халықаралық форумы өтуде

Астанада Жоғары Сот Кеңесінің 10 жылдығына арналған Түркі сот-құқықтық даярлық желісі аясындағы халықаралық форумы өтуде.

«Адам құқықтарын қорғау және тиімді сот төрелігі: ұлттық дәстүрлер мен халықаралық стандарттардың теңгерімі» тақырыбындағы форум судьяларды даярлау мен іріктеудің заманауи тәсілдерін талқылайтын алаңға айналды.

Форум жұмысына Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан делегациялары, мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің өкілдері, Парламент депутаттары, заңгерлік қауымдастық, ғалымдар және халықаралық сарапшылар қатысты.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов: «10 жыл ішінде Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің ашық әрі объективті тетіктерін қалыптастырды, заманауи сот білім беру бағдарламаларын енгізді, бұл судья кадрларының кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Осы алаңда озық тәжірибелер тиімді түрде алмасып, судьяларды даярлаудың жаңа тәсілдері талқыланды, бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті.

Қатысушылар Түркі желісіне мүше елдердің судьяларды даярлау саласындағы бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті: тұрақты тәжірибе алмасу, білім беру стандарттарын үйлестіру және ортақ бастамалар сот жүйесіне деген сенімді арттырып, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға серпін береді.

Анықтама: Түркі мемлекеттерінің сот-құқықтық білім беру желісі 2022 жылы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің судьяларды даярлау жөніндегі мекемелері арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес құрылды. Қазақстан желіге Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қатысуымен төрағалық етеді.