Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық және адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері: “Заң және Тәртіп” формуласы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық және адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері: “Заң және Тәртіп” формуласы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық және адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері: “Заң және Тәртіп” формуласы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырған іс-шараға Парламент депутаттары, сот жүйесінің өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Дмитрий Малахов сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу тиімді құқықтық қорғау тетіктерінсіз, сот тәуелсіздігінсіз және іс жүргізу құқықтарының сақталуынсыз мүмкін еместігін атап өтті. Оның айтуынша, сот жүйесі әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың сенімін арттыруда негізгі рөл атқарады. Осыған орай Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымдарына кандидаттарды іріктеу процесінің ашықтығы мен объективтілігіне басымдық береді.

«Кеңес жүргізіп отырған институционалдық реформалардың негізгі шаралары — судьялар кәсібіне қойылатын жоғары талаптарды белгілеу, судьяларды көпсатылы бағалау арқылы іріктеу және ілгерілету рәсімдерін жетілдіру, конкурс рәсімдерінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ судьялардың кепілдіктері мен жауапкершілігін күшейту», — деп атап өтті Д. Малахов.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықты нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру мәселелерін талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша диалогтың құрылымды сипат алғаны атап өтіліп, ұсыныстар мен ұсынымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі күшейтуге және құқық қорғау тетіктерін дамытуға ықпал ететініне сенім білдірілді.