Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов «24KZ» телеарнасындағы «Интервью» бағдарламасына қатысып, судьяларды конкурстық іріктеудің ашықтығы мен тиімділігі туралы әңгімелесті

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов «24KZ» телеарнасындағы «Интервью» бағдарламасына қатысып, судьяларды конкурстық іріктеудің ашықтығы мен тиімділігі туралы әңгімелесті

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов «24KZ» телеарнасындағы «Интервью» бағдарламасына қатысып, судьяларды конкурстық іріктеудің ашықтығы мен тиімділігі туралы әңгімелесті.

Сұхбат барысында кандидаттарды іріктеу процесі барынша ашық екені атап өтілді. Конкурстың барлық кезеңдері туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде азаматтарға қолжетімді.

Іріктеудің негізгі кезеңдері түсіндірілді: тестілеу, кәсіби және жеке құзыреттерді бағалау, Конкурс комиссиясымен әңгімелесу және кандидаттар туралы мәліметтерді тексеру. Барлық рәсімдер үміткердің сот төрелігін жүзеге асыруға дайындығын объективті әрі жан-жақты бағалауға бағытталған.

Объективтілікті қамтамасыз ету үшін Конкурс комиссиясының құрамына Кеңестің тұрақты мүшелерімен қатар заң қауымдастығының өкілдері, прокуратура қызметкерлері және HR саласының мамандары кіреді. Мұндай құрам кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Кандидаттарды іріктеу барысында олардың беделі, еңбек өтілі, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, қаралған істердің күрделілігі, судьялар қауымдастығы органдарының пікірлері, сондай-ақ қоғамдық пікір мен ашық дереккөздердегі мәліметтер ескеріледі.

Ерлан Айтжановтың айтуынша, Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен конкурстарды өткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды: бұрын бір конкурс шамамен алты айға созылса, қазір оның ұзақтығы екі айдан аспайды. Судьяларды іріктеу процесі нақты және негізді критерийлерге негізделген, бұл жеке пайымға негізделген бағалауды болдырмайды.

Жоғары Сот Кеңесі судьялар корпусын қалыптастыруда ашықтықты, негізділікті және жоғары стандарттарды қамтамасыз ете отырып, конкурстық іріктеу жүйесін жетілдіру бағытында жұмысын жалғастыруда.