Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бастаған делегация Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бастаған делегация Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бастаған делегация Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Әзербайжанның Сот-Құқықтық Кеңесінің Төрағасы Инам Керимовпен кездесу өтті.

Тараптар судьяларды іріктеу, даярлау және тағайындау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ судьялардың кәсіби дамуы бойынша тәжірибе алмасу бағыттарын талқылады.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов екі елдің сот кеңестері арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті:

«Судьяларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру озық тәжірибелермен алмасусыз мүмкін емес. Біздің ынтымақтастығымыз сот кадрларын дамытуда заманауи тәсілдерді енгізудің берік негізіне айналады деп сенемін».

Өз кезегінде Әзербайжан Республикасының Сот-Құқықтық Кеңесінің Төрағасы Инам Керимов Қазақстанмен өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті:

«Біздің елдерімізді судьялардың тәуелсіздігін нығайту мен сот жүйесіне деген сенімді арттыруға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Біз тәжірибе алмасуға және кәсіби бастамаларды бірлесіп іске асыруға дайынбыз».

Кездесу барысында Кеңес мүшесі Ерлан Айтжанов баяндама жасап, Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы, соның ішінде судьяларды іріктеу рәсімдерін жетілдіру, цифрлық құралдарды енгізу және конкурстық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі жұмыстар жөнінде айтты. Ол Кеңестің кәсіби, тәуелсіз және жоғары этикалық стандарттарға сай судьялар корпусын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Кеңес Аппаратының сектор меңгерушісі Даурен Алшурин Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметі туралы баяндады. Ол Академияның заманауи оқыту тәсілдерін белсенді енгізіп, тәжірибеге бағытталған бағдарламаларды дамытып, судьялыққа кандидаттардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мен Әзербайжан Республикасының Сот-Құқықтық Кеңесі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Кездесу конструктивті және іскерлік атмосферада өтті. Тараптар Қазақстан мен Әзербайжанның сот кеңестері арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.