
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 7 судьяға қатысты 7 тәртіптік іс қаралды.
Қарау нәтижесінде сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 2 судья тәртіптік жауаптылыққа тартылды (оларға ескерту түріндегі шара қолданылды).
Сот жюриі судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін бір судьяға қатысты оны тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы шешім қабылдады.
4 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Судьяның оған қолданылған тәртіптік жазаны Жоғары Сот Кеңесіне шағымдану құқығы бар, сондықтан Сот жюриінің шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жоғары Сот Кеңесінің және Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне сенімді нығайтуға, тәртіптік рәсімдер шеңберінде судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады.
Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру және судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.