
Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі Айдос Жолманов «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды.
Сұхбат барысында ол Жоғары Сот Кеңесі судьяларды кез келген араласудан қорғауды қамтамасыз ететін дербес мемлекеттік орган ретінде заңнамалық әрі институционалдық тұрғыдан нығайып келе жатқанын атап өтті.
Соңғы жылдары Кеңестің дербестігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, сот істерін қарау кезінде судьяның заңдылықты өрескел бұзу фактілерінің барлығын Сот жюриінің тексеруінің жаңа тетігі енгізілді. Енді мұндай факт анықталған жағдайда жоғары тұрған сот инстанциясы судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі жөнінде ұсыныс енгізеді. Бұл тәртіп сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға ықпал етпек.
Ерекше назар Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілген Сот төрелігі академиясына аударылды. Бұл болашақ судьяларды даярлау және қызметтегі судьялардың біліктілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты: магистратура мен докторантура бағдарламалары іске қосылды, сондай-ақ ғылыми қызмет те дамуда — Академия журналы ресми тізімге енгізілді.
Айдос Жолмановтың айтуынша, қазіргі уақытта Мәжілісте Кеңес мүшелерінің нақты санын бекіту және оның құрамын өзгерту жөніндегі заңнамалық бастамалар қаралуда. Бұл қадамдар органның тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға және мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған.
Жүргізіліп жатқан барлық реформалар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және басты мақсатқа — қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.