Жоғары Сот Кеңесі бекітілген кестеге сәйкес облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Жоғары Сот Кеңесі бекітілген кестеге сәйкес облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар жіберіледі.

Конкурстық іріктеу кезінде Кеңес әрбір кандидат бойынша барлық қажетті мән-жайларды ескереді және HR-технологиялары мен бағалау критерийлерінің толық кешенін қолданады.

Судья лауазымына алғаш рет үміткер адамдарға жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысын ғана ұсыну қажет.

Қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылғы 15 қазанға дейін қоса алғанда, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, № 1В кіреберіс мекенжайы бойынша құжаттарды ұсынуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбесі Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.