Жоғары Сот Кеңесінде - Ұлттық киім күні!

Жоғары Сот Кеңесінде - Ұлттық киім күні!

Жоғары Сот Кеңесінде - Ұлттық киім күні!

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен жарты жылдан астам уақыт бойы ұжымда жұмыс аптасын ұлттық киімде аяқтау игі дәстүрі орнықты.

Бұл қадам мәдени құндылықтарды сақтау мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жалғасы болды. Ұлттық киім — тек әдемі мата не өрнек емес. Ол – өткеннің ізі, ата-бабамызға деген құрмет әрі ұрпақтар сабақтастығының нышаны.

Әр жұма сайын Кеңес қызметкерлері бұл бастаманы зор ықыласпен қолдап, жұмыс күндеріне ерекше сән береді. Дәстүрлі стиль ұжымды біріктіріп, рухани тамырлардың маңызын еске салады және отансүйгіштік сезімді арттыра түседі.

Әрбір өрнекте – тарих, әрбір детальда – бай мәдениетіміздің айнасы бар.

Жұма күні Кеңесте – тек ерекше күн ғана емес, сонымен бірге ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген адалдығымызды айшықтап, Отанымызға деген мақтаныш пен шабыттың қайнар көзі екенін паш ету мүмкіндігі.