
Азаматтар сот актілерімен келіспеуден бастап, судьялардың іс жүргізу кезіндегі тәртіптік жауапкершілігіне дейінгі кең ауқымды мәселелерді көтерді.
Дмитрий Малахов сот шешімдеріне шағымдану тәртібін және қолданыстағы тәртіптік іс жүргізу рәсімдерін түсіндіріп, Кеңестің соттардың қызметіне араласпау қағидатын қатаң ұстанатынын атап өтті.
Қабылдауда сондай-ақ судьялар мен судьялыққа кандидаттар болды. Олар конкурстық рәсімдерді жетілдіру, мансаптық мүмкіндіктерді дамыту және соттардың жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.
Төраға қатысушылардың белсенді ұстанымы мен сот жүйесін дамытуға деген ықыласы үшін алғыс айтып, аталған бастамалардың Кеңестің алдағы жұмысында ескерілетінін атап өтті.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы азаматтарды жеке қабылдауды алдын ала жазылу бойынша тұрақты түрде жүргізеді.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі