Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті

Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті

Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті.

Отырысқа Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Кеңес Аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.

Аппараттық отырыс барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды. Олар Кеңестің заң шығару бастамаларына және Сот төрелігі академиясының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қатысты болды. Кеңестің теңгерімді құрамын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ болашақ судьяларды сапалы даярлау үшін Академияның оқу базасын одан әрі нығайту және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Отырыс барысында сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының қабылдау комиссиясының жұмысының қорытындылары талқыланды. 2025 жылы конкурс бір орынға 10-нан астам адамды құрады. Алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға қабылдау көзделді. Барлығы 98 адам қабылданды, оның ішінде 60-ы — мемлекеттік грант негізінде. Магистратурада білім алуға тұрақты қызығушылық сақталып отырғаны және жүргізілген іріктеу нәтижесінде магистранттардың жоғары білікті құрамын қалыптастыруға қол жеткізілгені атап өтілді.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының түлектерін классификациялық шкала бойынша рейтингтеу мәселесі талқыланды. Д.Малахов Кеңес мүшелеріне осы шкала негізінде Академия түлектерін конкурссыз тағайындауға ұсыным беру тетігі жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Аппараттық отырыс қорытындысы бойынша Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, заңнамалық бастамаларды жетілдіруге, Академияның білім беру қызметінің тиімділігін арттыруға және жоғары білікті сот кадрларын даярлауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.