
Бағдарлама үш өзекті тақырыпты қамтыды:⠀
Іскерлік этикет және ресми мінез-құлық қағидалары
— сыртқы келбет стандарттары: мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастырудағы іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар және оның маңызы;
— коммуникативтік мәдениет: қызметтік әңгімелерді, телефон арқылы сөйлесулерді және іскерлік хат алмасуды жүргізу қағидалары;
— протокол нормалары: ресми іс-шараларда және өзге мемлекеттік органдар өкілдерімен қарым-қатынас барысында өзін-өзі ұстау тәртібі.
Ақпараттық қауіпсіздік және «ҚБПҮ» құжаттарымен жұмыс
— нормативтік негіз: қызметтік пайдалануға арналған құжаттармен жұмыс істеу жөніндегі заңнаманың және ішкі актілердің талаптары;
— цифрлық гигиена: ақпараттың таралып кетуін болдырмау мақсатында компьютерлер мен ақпарат тасығыштарды қауіпсіз пайдалану қағидалары;
— жауапкершілік: белгіленген тәртіпті сақтамағаны үшін құқықтық және тәртіптік салдарлар.
Судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеу және судьялар кадр резервін қалыптастыру
— біліктілік талаптары: судьялық лауазымдарға кандидаттарға қойылатын критерийлер;
— конкурс кезеңдері: құжаттарды тапсыру тәртібі, біліктілік емтиханы, тестілеу және сұхбаттасу;
— кадр резерві: оны қалыптастыру және сот жүйесін білікті кадрлармен қамтамасыз етудегі маңызы.
Әр тақырып аясында практикалық жағдайлар қарастырылып, жеке және ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұсынымдар, сондай-ақ тиімді жұмыс коммуникацияларын құру жөнінде кеңестер берілді. Аппарат қызметкерлері кәсіби дағдыларды және жеке жауапкершілікті нығайтуға бағытталған өзекті сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар алды.
Семинарлар кәсіби құзыреттерді дамыту және мемлекеттік аппаратта құқықтық мәдениетті нығайту жөніндегі Жоғары Сот Кеңесінің жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды. Білім беру іс-шаралары тәжірибелік маңыздылық пен тиімділікке баса назар аудара отырып, тұрақты негізде жалғасатын болады.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі