
Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судьялық лауазымдарының кадр резервіне қабылдауға, сондай-ақ аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына өтініш берген үміткерлерге қатысты жұртшылықтың пікірлерін қабылдайды.
Кеңестің ресми интернет-ресурсында жоғары тұрған және басшы судьялық лауазымдарының кадр резервіне, сондай-ақ аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына іріктеуге қатысуға жіберілген азаматтардың тізімі жарияланған.
Қазіргі уақытта Кеңес құжат тапсырған үміткерлерді зерделеу және бағалау бойынша жұмыс жүргізуде.
Іріктеудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, азаматтарды кандидаттар туралы өз пікірлерімен бөлісуге шақырамыз.
Пікірлеріңізді Кеңестің ресми интернет-ресурсында қалдыруға болады.
Жоғары тұрған және басшы судьялық лауазымдардың кадр резервіне үміткерлер туралы пікірлер 2025 жылғы 14 қыркүйекке дейін қабылданады. "Конкурс жарияланған күн" бағанынан 2025 жылғы 18 шілдені таңдау қажет.
Аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына үміткерлер туралы пікірлер 2025 жылғы 16 қыркүйекке дейін қабылданады. "Конкурс жарияланған күн" бағанынан 2025 жылғы 1 тамызды таңдау қажет.
Кандидаттарды іріктеу кезінде Жоғары Сот Кеңесі барлық пікірлерді ескеретін болады.