Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Отырыста 10 судьяға қатысты 10 тәртіптік іс қаралды.⏺

Істерді қарау қорытындысы бойынша 7 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
– 4 судья заңдылықты өрескел бұзғаны үшін (2 судьяға – сөгіс, 2 судьяға – ескерту берілді);
– 3 судья судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін (1 судьяға – сөгіс, 2 судьяға – ескерту берілді).⏺

Сонымен қатар, судьяның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамы болмауына байланысты 3 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.⏺

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.✅

Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне деген сенімді нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіптік рәсімдер шеңберінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.❗️

Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру және судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қолдауға бағытталған жұмысты жалғастыруда.

#JoğarySotKeñesı 

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі