Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметкерлеріне арналған құқықтық жалпы оқыту жоспарына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілердің шетелге шығу тәртібі және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында оқу семинары өткізілді

Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметкерлеріне арналған құқықтық жалпы оқыту жоспарына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілердің шетелге шығу тәртібі және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында оқу семинары өткізілді
✅

 Қатысушыларға шетелге шығуға байланысты келесі маңызды мәселелер жан-жақты түсіндірілді:
— нормативтік талаптар: қызметтік және жеке сапарлар үшін рұқсат алу мен хабарландыру тәртібі;
— шетелдегі мінез-құлық ережелері: қауіпсіздік шараларын сақтау және құпия ақпаратты қорғау қағидалары;
— жауапкершілік: белгіленген тәртіптің бұзылу салдары.⏺

Семинар барысында діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Деструктивті діни ағымдардың белгілері, тарту тәсілдері және қарсы іс-қимыл әдістері қарастырылды.⏺

Практикалық жағдайлар мысалында жеке және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ экстремистік идеологияны насихаттау әрекеттеріне тап болған жағдайда іс-әрекет алгоритмдері ұсынылды.⏺

Аппарат қызметкерлері өзекті сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар алып, құқықтық сауаттылық пен жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған пайдалы ақпаратпен қамтылды.❗️

Семинар Жоғары Сот Кеңесінің кәсіби құзыреттерді дамыту және мемлекеттік аппараттағы құқықтық мәдениетті нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.Білім беру іс-шаралары тәжірибелік маңыздылыққа, құзыреттерді дамытуға және Аппарат жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше мән бере отырып, тұрақты түрде жалғасын табады.

#JoğarySotKeñesı 

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі