Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметкерлеріне арналған құқықтық оқытудың бекітілген кестесіне сәйкес Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімімен «Құжаттамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында құжаттармен жұмыс істеудің негізгі аспектілері жан-жақты түсіндірілді:
• іс жүргізу — кіріс, шығыс және ішкі құжаттаманы тіркеу, есепке алу және оның қозғалысына қойылатын талаптар;
• қызметтік құжаттарды әзірлеу және ресімдеу — стандарттар мен бірыңғай нысандарды сақтау мәселелеріне баса назар аударылды;
• істерді қалыптастыру және сақтау — құжаттарды жүйелеу ережелері, архивтік сақтауға дайындау және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Жеке блок ретінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу мәселелері қарастырылды — келіп түскен өтініштерді уақтылы әрі сапалы қарау тәртібі мен талаптары түсіндірілді.
Семинардың қорытынды бөлімі электрондық құжат айналымы жүйесін практикалық қолдануға арналды. Онда жұмыс процестерін оңтайландыруға бағытталған жүйенің функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.
Аппарат қызметкерлері құжаттамалық қамтамасыз ету сапасын арттыруға бағытталған нақты түсіндірмелер мен әдістемелік ұсынымдар алды. Сонымен қатар, іс жүргізу рәсімдері мен талаптарына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берілді.
Бұл оқыту — Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Аппарат қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.Білім беру және ағартушылық жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, практикалық маңыздылыққа, құзыреттерді дамытуға және Аппарат жұмысының сапасын тұрақты арттыруға ерекше мән берілетін болады.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі