Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымына кандидаттарды іріктеу сапасын арттыру мақсатында біліктілік емтихандарын ұйымдастыру жүйесін тұрақты түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуде

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымына кандидаттарды іріктеу сапасын арттыру мақсатында біліктілік емтихандарын ұйымдастыру жүйесін тұрақты түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуде

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымына кандидаттарды іріктеу сапасын арттыру мақсатында біліктілік емтихандарын ұйымдастыру жүйесін тұрақты түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың 2025 жылғы 18 маусымда өткен аппараттық отырыста берген тапсырмасына сәйкес, заң ғылымдарының кандидаты, Сот төрелігі академиясының профессоры Ардақ Биебаева Кеңес мүшелері үшін «Тестілеу тапсырмаларын құрастырудың жалпы қағидалары және олардың құқық саласында қолданылуы», «Кешенді кейстерді әзірлеу және қолдану тәжірибесі» тақырыптарында оқыту семинарын өткізді.

Қатысушылар біліктілік емтиханы кезінде қолданылатын тестілеу тапсырмаларын дайындау қағидалары мен кейстік тапсырмаларды әзірлеу тәсілдерін жан-жақты қарастырды. Талқылау барысында сарапшылық пікірлер алмасып, кандидаттарды бағалаудың әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Семинар қорытындысы бойынша біліктілік емтихандарында қолдануға арналған жаңа тестік сұрақтар мен кейстік тапсырмалар блогын қалыптастыру жұмыстары жоспарлануда. Барлық тапсырмалар өзекті әдістемелік талаптарға сай жасалып, кандидаттарды іріктеу рәсімінің сапасы мен объективтілігін арттыруға бағытталатын болады.

Жоғары Сот Кеңесі тесттік және кейстік тапсырмаларды сапалы әзірлеуді кандидаттардың білім деңгейін, практикалық дағдылары мен кәсіби дайындығын дәл бағалауға мүмкіндік беретін негізгі құрал деп есептейді. Бұл жұмыс — әділ, ашық және кәсіби судьяларды іріктеу жүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралардың маңызды бөлігі болып табылады және ол сот төрелігінің жоғары стандарттары мен қоғам сеніміне сай жүргізілуде.