ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев Бакудегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев Бакудегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев Бакудегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі

Баку қаласында Әзербайжанның Судьялар-Құқық кеңесінің 20 жылдығына орайластырылған «Сот басқару саласындағы жаһандық сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінен келген делегациялар қатысты.

Қазақстан атынан конференцияға Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев қатысып, панельдік сессия аясында баяндама жасады.

Ол Қазақстанда судьяларды іріктеу және ілгерілету кезінде қолданылатын заманауи тәсілдер туралы айтып, рәсімдердің ашықтығы, әділ бағалау және сот жүйесіне деген сенімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Өз сөзінде Ернар Бегалиев Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі және кәсіби әрі беделді судьялар корпусын қалыптастырудағы негізгі институт ретіндегі рөлін атап өтті.

Мұндай халықаралық диалогтар – сот төрелігі саласындағы ортақ сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру және практикалық тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.