Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сарапшылық-консультативтік комиссияның кезекті отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сарапшылық-консультативтік комиссияның кезекті отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сарапшылық-консультативтік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бұл комиссияның құрамына Кеңес мүшелерімен қатар ғалымдар мен заңгерлер қоғамдастығының өкілдері, және халықаралық HR-менеджмент саласында әлемдік деңгейде танымал болған консалтингтік компаниялардың сарапшылары кіреді.

Комиссия мүшелері отырыста судья лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде Бірыңғай компетенциялар шеңберлерін енгізу мәселесін және конкурстық іріктеу механизмдерін одан әрі жетілдіру мәселесін талқыға салды.

Бірыңғай компетенциялар шеңберін Қазақстанның сот жүйесі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша тұңғыш рет  халықаралық консалтингтік «Ernst&Young» компаниясы әзірлеген. Бұл – судья лауазымына үміткер тұлғаның жеке қабілеттеріне қойылатын негізгі талаптар жиынтығы.

Судьялар үшін Бірыңғай компетенциялар шеңберін кезең-кезеңмен енгізу көзделіп отыр. Мұндай қадам жаңа жүйені қолдану тәжірибесін жинақтап, Кеңес жұмысына қарқын беріп, ода әрі де жүйелендіруге мүмкіндік туғызады.

Бірыңғай компетенциялар шеңберін енгізу нәтижесінде судья лауазымына үміткерлерді іріктеу жұмыстарының сапасын арттыруға және жетілген бағалау жүйесін қалыптастыруға болады.

Отырыста Сарапшылық-консультативтік комиссия мүшелері судьяларды конкурстық іріктеу механизмдерін одан әрі жетілдірудің басқа да жолдарын талқылады. Одан бөлек, келер жылы Әкімшілік процедуралық процессуалдық Кодекстің қолданысқа енуіне байланысты жаңа әкімшілік соттардың кадрлық құрамын оңтайлы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

 

Қазақстан Республикасы

 Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты