
Үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап, судья лауазымдарына кандидаттарды конкурстық іріктеудің жаңа тәртібі қолданылуда, онда кандидаттарды цифрландырылған және бағалау критерийлері бойынша бағалай көзделеді.
Бұл критерийлерді қолдану практикасы көрсеткендей, олар судьялыққа кандидаттарды сапалы іріктеу үшін қажетті бүкіл объективті өлшемдер спектрін қамтиды.
Сонымен бірге, бұл критерийлерді қолдану тәжірибесін талдау қорытындылары бойынша оларды түзету қажеттілігі анықталды.
Осыны ескере келе, Жоғары Сот Кеңесі оларды түзету бойынша мынадай шешімдер қабылдады.
1. Келесі критерийлер бойынша балдар беру алынып тасталды:
1) кандидаттарды психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша (10-нан 30-ға дейін қойылатын), психологиялық тестілеу нәтижелерінің кандидатты судья лауазымына ұсынуға кедергі келтіретіні немесе келтірмейтіні туралы мәліметтерімен шектелетін болды. Бұл судьялыққа біліктілік емтиханының жаңа жүйесі шеңберінде міндетті психологиялық тестілеуді енгізуге байланысты болып отыр;
2) конкурсқа қатысу жиілігі бойынша. Бұл мән-жайды Кеңес басқа жағдайлары бойынша теңдік болған кезде ескеретін болады, себебі конкурсқа қатысу жиілігі өздігінен кандидаттың жоғары кәсібилігін білдірмейді;
3) судьяның қазіргі уақыттағы маманданымы бойынша, себебі оны Кеңес кандидатураны талқылаған кезде міндетті түрде қарастырады.
2. Келесі бағалау критерийлері алынып тасталады:
1) судьяның маманданымдар бойынша алдындағы уақыттағы жұмыс өтілі (яғни судьяның қандай юрисдикциядағы соттарда жұмыс тәжірибесінің болуы) жөнінде мәліметтер. Бұл факторларды Кеңес әрбір нақты жағдайда кандидаттың қандай лауазымға конкурсқа қатысып отырғанын ескере отырып, қарастырады (мысалы, конкурсқа қатысып отырған судья азаматтық және қылмыстық юрисдикциядағы соттарға өтуге тиет білдірсе, оның алдындағы маманданымы әрбір жағдайда жеке қарастырылатын болады);
2) расталған шағымдар санының аз болуы, себебі олардың болмағаны үшін қандидатқа цифрландырылған кезеңде балл берілген.
Сонымен қатар, судьяға қатысты шағымдардың болмағаны үшін цифрландырылған кезеңде берілетін балдар саны 20-дан 10-ға дейін азайтылды.
Мұнда жалпы бірқатар жағдайларда шағымдардың болуы немесе болмауы судьяға тиесілі жүктемеге және оның қарайтын істер санына байланысты екені ескерілді;
3) Кеңестің тұрақты мүшесінің кандидатты конкурстың соңғы кезеңіне өткізу мүмкіндігі туралы пікірі. Іс жүзінде бұл мәселені Кеңес мүшелері алқалы түрде қарап, қабылданған шешім хаттамаланады.
3. Судьяның бір орында жұмыс істеуі ұзақтығы үшін берілетін бағалау балдары нақтыланды.
Егер қазіргі уақытта бір қызметте 5 жылдан астам еңбек өтілі үшін 1 балл беріліп, 3 жылдан кем уақыт еңбек өтілі үшін 1 балл алынатын болса, енді бір қызметте 5 жылдан астам өтілі үшін 2 балл, 3 жылдан 5 жылға дейінгі өтілі үшін – 1 балл беріліп, ондай өтілі 3 жылдан кем болса – 1 балл алынатын болады.
Бұл қазіргі уақытқа дейін судьяның атқарып отырған қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін болған кезде оның ескерілмеуіне, демек бағалаудың толықтығына ықпал етуіне байланысты болды.
Сонымен қатар, бір судья қызметіндегі көп еңбек өтілі үшін балдар санын көбейту (2 балл), ондай судьяларға жұмыс орнын жиі ауыстырып отыратын судьяларға қарағанда, артықшылық беретін болады, ал бұл неғұрлым объективті болып табылады.
4.Келесі қосымша бағалау критерийлері енгізіледі:
1) аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына кандидаттар үшін:
мемлекеттік билік және құқық қорғау органдарында үш жылдан артық жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін 3 балл беріледі;
соттың жұмысын жетілдіру жөнінде әрекеттер жоспарының (бағдарламасының) болуы. Ұсынылған бағдарламаның сапасын ескеріле отырып, оған 5 баллға дейін беріледі (ұқсас тәжірибе шет елдерде қолданылады, оның ішінде, мысалы Испанияда);
2) барлық кандидаттар үшін – кандидатты судья лауазымына ұсынуға кедергі болатын өзге де мәліметтердің болуы.
Өздігінен теріс жағдай болмағанымен, алайда судья лауазымына ұсыну үшін кедергі болуы мүмкін мән-жайлар (мысалы, кандидат судья болуға ниет білдірген сол сотта судья немесе төраға болып оның жақын туысы жұмыс істеген жағдайда).
3) жұмыс істеп жүрген судьялар үшін – сот жүйесінде сот төрелігін іске асыруына байланысты емес қызметпен айналысу (мысалы, кадр резерві жөніндегі облыстық комиссиялар құрамына кіруі, оқу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, судьялар одағы филиалдары мен судья әдебі жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу).
Мұндай жұмыстар үшін нақты балл берілмегенімен, олар судьяларды бағалаған кезде жиынтықта ескерілетін болады.
Аталған шаралардан басқа, судьялыққа кандидаттарға тұратын жері бойынша облыстық соттың жалпы отырысына Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің теріс қорытындысына пікір беру мүмкіндігі беріледі.
Бұл ретте облыстық соттың жалпы отырысы өз қорытындысында кандидаттың пікіріне ондай пікірінің және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысының негізді немесе негізсіз болуы туралы уәждер келтіруге тиіс.
Конкурстық іріктеудің қолданыстағы жаңа тәртібі Кеңестің тұрақты мүшелерінің кандидаттардан сұхбат алуын қамтиды.
Сұхбат алу судьялыққа кандидаттың коммуникативтік, сондай-ақ кәсіби де қасиеттерін анықтайтын пәрменді тетік болып табылады. Бұл ретте, практика көрсетіп отырғандай, осы тетікті де жетілдіру қажет.
Осы мақсатта Кеңес мынадай шешімдер қабылданды.
1. Сұхбат алуға арналған сұрақтар тізбесі кеңейтілді, оның ішінде аудандық соттар төрағалары лауазымдарына кандидаттар үшін олардың көшбасшылық дағдыларын анықтауды, соттың жұмысын ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселелері бойынша көзқарасын айқындауды қамтамасыз ететін жекелеген сұрақтар қарастырылды.
2. Судьялыққа кандидаттар мен жұмыс істеп жүрген судьялар үшін сұхбат алу қорытындыларын бағалау бойынша сараланған тәсілдері қарастырылады.
Практика көрсетіп отырғандай, жұмыс істеп жүрген судьялардың және судьялыққа кандидаттардың ұқсас сұрақтарға беретін жауаптарының мазмұны мен сапасы бірдей емес және жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби тәжірибесіне байланысты олардың көрсететін деңгейі біршама жоғары болады, сондықтан сараланған тәсілді қолдану қажет.
3. Сұхбат алу нәтижелерінің бір жылдық қолдану мерзімі енгізіледі, бұл ретте көрсетілген мерзім өткенге дейін кандидат басқа конкурсқа қатысқан жағдайда Кеңестің тұрақты мүшелерінің шешімі бойынша одан қайтадан сұхбат алу мүмкіндігі қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру судьялыққа кандидатардан сұхбат алу сапасын және оларды жалпы оларды іріктеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.