Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Судьялардың бос орындарына орналасуға конкурс өткізу тәртібін оңтайландыру жөніндегі шаралар

 Судьялардың бос орындарына орналасуға конкурс өткізу тәртібін оңтайландыру жөніндегі шаралар
 (Жоғары Сот Кеңесінің 2018 жылғы 24 тамыздағы отырысында мақұлданды)
  

Отандық және халықаралық тәжірибе ескеріле келе, судьялардың бос орындарына орналасуға конкурсты өткізу тәртібі төменде көрсетілгендей оңтайландырылып, жүйеленетін болады.

 1. Жоғары Сот Кеңесінің отырысында алдын ала (жылдың басында немесе алдындағы жылдың соңында) кадрлардың ауысуы, судьялардың бос орындарының (аудандық, облыстық немесе республикалық деңгей) және конкурсқа ықтимал қатысушылар санаттары (жұмыс істейтін судьялар және судьялыққа кандидаттар) ескеріліп, конкурс өткізу және құжаттар қабылдау кестесі бекітілетін болады.

 Сонымен, жалпы бұл кесте мынадай болады:

 1) қаңтар-ақпан –

 аудандық соттар судьялары (судьялыққа кандидаттар мен магистранттар ғана қатысады);

 аудандық соттар төрағалары және облыстық соттар судьялары (судьялар қатысады) лауазымдарына конкурс;

 2) шілде-тамыз –

 аудандық соттар судьялары (судьялыққа кандидаттар мен магистранттар ғана қатысады);

 аудандық соттар төрағалары және облыстық соттар судьялары (судьялар қатысады) лауазымдарына конкурс;

 3) қазан-қараша –

 аудандық соттар судьялары (судьялар ғана қатысады);

аудандық соттар төрағалары және облыстық соттар судьялары (судьялар қатысады) лауазымдарына конкурс.

 Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурс жоспарланатын бос орындардың ашылуы ескеріліп, аталған конкурстардың кез келгенінің шеңберінде жариялануы мүмкін.

 2. Конкурстарды өткізу және құжаттарды қабылдау кестесі алдын ала жарияланатын болғандықтан, кандидаттар барлық қажетті құжаттарды күні бұрын жинай алатындықтан, құжаттарды қабылдау мерзімі 15 күнге дейін қысқартылады, оларға конкурсқа жарияланған бос орындарды көрсетіп, өтініш жазу ғана керек болады.

 3. Сонымен бірге, құжаттарын Кеңеске жолдағанға дейін, үміткерлер облыстық соттардың жалпы отырыстарының және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің қорытындыларын алуға тиіс болады, бұл конкурсты өткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Конкурсты өткізу мерзімдерін, тиісінше кестесін де алдын ала белгілеу, сондай-ақ кандидаттардың барлық қажетті құжаттарды конкурсты жариялағанға дейін жинау мүмкіндігі Кеңеске кейінгі іріктеудің кезеңдерін жедел іске асыруға, оның ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін анықтауға, кандидаттарды бағалауға және олардан сұхбат алуды жүргізуге, кандидаттарды мұқият және жан-жақты зерделеуді және бағалауды қамтамасыз етуде мүмкіндік береді.

Конкурсты бекітілген кестенің негізінде өткізу 2019 жылдың қаңтар айынан басталарды деп жоспарлануда. Ол үшін қазіргі уақытта Кеңес қажетті дайындық шараларын жүргізуде.

Бұл ретте құжаттарды қабылдау мерзімін қысқарту (1 айдан 15 күнге дейін) және үміткерлердің облыстық соттардың жалпы отырыстарының және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің қорытындыларын алуы (яғни конкурстық құжаттарды Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін емес, оған дейін алуы) мәселелері «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін түпкілікті шешілетін болады.

Дата публикации
25 августа 2018
Дата обновления
06 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы