
Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін жаңа тәртіп бойынша қараудың негізгі тәсілдер бойынша
АНЫҚТАМА
Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесінің жанында қызмет атқаратын бола ды және судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарайды.
Сот жюриінің қызметін Жоғары Сот Кеңесінің аппараты қамтамасыз ететін болады.
Сот жюриінің құрамы
Сот жюриі 6 судьядан (аудандық, облыстық деңгейдегі және Жоғарғы Соттың 2 судьясынан ұсынылады), жұршылық өкілдерінен (алдын ала – 2 адам) және Жоғары Сот Кеңесінің судьялар қатырынан тағайындалған 1 мүшесінен құрылатын болады.
Сот жюриінің құрамына судьялар Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында іріктеліп, Жоғары Сот Кеңесіне енгізіледі.
Жұртшылық өкілдері Жоғары Сот Кеңесінің Заңгерлер одағына және басқа ұйымдарға жіберген сұрауларының негізінде, ал Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі – Кеңестің тұрақты мүшелерінің ұсыныстары ескеріліп іріктелетін болады.
Түпкілікті құрамы Жоғары Сот Кеңесінің отырысында бекітіледі. Бұл ретте, Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың кеңейтілген отырысы Сот жюриінің құрамына ұсынған судьялар кандидатураларын негіздей отырып, қабылдамауға құқылы.
Сот жюриі өкілеттігінің мерзімі – 3 жыл.
Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі өз мүшелерінің ішінен сайлайды (3 жылға).
Бұл ретте, Сот жюриінің төрағасы өз өкілеттігінің мерзімінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады.
Сот жюриінің хатшысы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметкері болып табылады.
Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздері мен мерзімдері
Судья:
1) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны;
2) судья әдебі нормаларын бұзғаны;
3) сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы (соттардың басшылық құрамы) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Еңбек тәртібін бұзу судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіз болмайды.
Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей (жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша – 6 айдан кешіктірілмей) және терiс қылық жасалған күннен бастап 1 жылдан кешiктірiлмей қозғалады және оның басталған күннен бастап 2 ай мерзімде (қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себеппен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда) аяқталады.
Тәртіптік жазалар түрлері
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) судья лауазымында қалдыра отырып, сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметінен босату,;
4) судья қызметінен босату.
Егер Сот жюриі судья лауазымында қалдыра отырып, сот төрағасы не сот алқасының төрағасы қызметінен босату немесе судья қызметінен босату жазасын қолданса, онда Сот жюриі судьяны қызметінен босату туралы мәселені қарауы үшін тиісті шешімді Жоғары Сот Кеңесіне жолдайды.
Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі бір жыл, ал 6 ай өткеннен кейін Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың төрағасының өтінішімен Сот жюриі оны мерзімінен бұрын ала алады.
Істерді қарау тәртібі
Тәртіптік істі қозғау кезеңін алып тастау негізгі ерекшелік болып табылады.
Яғни судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша материалдар Сот жюриіне түскенде, ол материалдарды қарауға қабылдап, оны қарау нәтижелері бойынша судьяға тәртіптік жазаны қолдану туралы не тәртіптік іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарады.
Сот жюриінің судьялардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселелерді қарауы үшін:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы;
2) облыстық соттардың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;
3) тексерулер нәтижелерінде дәлелденген БАҚ жарияланымдарындағы мәліметтер мен фактілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың шешімі негіз болады.
Бұл ретте облыстық сотының жалпы отырысы аудандық соттард төрағалары мен судьяларының, облыстық соттар судьяларының, ал Жоғарғы Соттың жалпы отырысы – кез келген судьяның, сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселеге бастамашылық жасай алады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы облыстық соттардың төрағаларына және сот алқаларының төрағаларына, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына ұсынымдар енгізеді.
Бұл ретте судьяның тәртіптік теріс қылық жасағанын Сот жюриіне тиісті ұсыным енгізген тісті лауазымды тұлғалардың немесе органдардың (Жоғарғы Сот Төрағасының, жалпы отырыстың, сот әдебі жөніндегі комиссияның) өкілдері дәлелдеуі қажет. Ондай өкілдер Сот жюриінің отырысына қатысуға құқылы.
БАҚ жарияланымдарындағы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріндегі мәліметтер мен фактілерді тексеру үшін 3 нұсқа қолданылуы мүмкін:
1) тексеруді Сот жюридің мүшесі жүргізеді;
2) тексеруді Сот жюриі мүшелерінен, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметкерлерінен, Жоғарғы Соттың өкілдерінен тұратын бірлескен комиссия жүргізеді;
3) тексеруді Сот жюриінің ұсынымы бойынша облыстық соттар немесе Жоғарғы Сот жүргізеді.
Тәртіптік істерді қарау дәлелсіз себептер бойынша болмаған жағдайларды қоспағанда, оған қатысты іс қаралатын судьяның қатысуымен өткізіледі.
Іс бойынша шешімді Сот жюриінің мүшелері кеңесу бөлмесінде қарапайым көпшілік дауыспен қабылдайды.
Судьяға қатысты тәртіптік іс мынадай жағдайларда:
1) тәртіптік теріс қылық құрамының болмағанда;
2) тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдері өтіп кеткенде;
3) бұзушылық маңызды болмағанда тоқтатылуы мүмкін.
Сонымен қатар, іс:
1) судья іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылғанда;
2) судьяның азаматтығының тоқтатылғанда;
3) судья қайтыс болғанда тоқтатылады.
Сот жюриінің шешімдерін қайта қарау
Сот жюриінің шешіміне судья шешімнің көшірмесін алған күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады.
Қарау нәтижелері бойынша Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің шешімін өзгеріссіз қалдырады немесе оның күшін жояды.