Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқасы төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру

Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқасы төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру бойынша

АНЫҚТАМА

 

Келесі жаңа тәсілдер ұсынылады:

Кадр резерві жөніндегі комиссияны қалыптастыру тәртібі мен оның  құрамы

Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамы мен төрағасын Жоғары Сот Кеңесі бекітеді.

Комиссия құрамына кандидаттарды судьялар ішінен Жоғарғы Соттың кеңейтіліген жалпы отырысы ұсынады.

Комиссия құрамына Жоғары Сот Кеңесінің жекелеген мүшелерімен (3 мүше) және судьялармен (3 судья):

- ҚР МҚІжСЖҚА өкілін;

- заңгерлер қауымдастығының (мысалы, Заңгерлер одағының ) өкілін;

- HR-менеджмент саласындағы маманды қосу ұсынылады.

Комиссияның жұмысына сыртқы бақылаушылар қатыса алады.

Комиссия хатшысы етіп Жоғары Сот Кеңесі аппаратының осы комиссия қызметін қамтамасыз ететін қызметкерін белгіліеу ұсынылады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы болмайды.

Комиссия мүшелері өкілеттігінің мерзімі – 2 жыл (Біліктілік комиссиясына ұқсас), өкілеттік мерзімі талабы Комиссия хатшысына қолданылмайды.

 

Кадр резервін қалыптастыру тәртібі

Резервті мынадай санаттар бойынша қалыптастыру ұсынылады:

1)           Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметіне – әрбір алқа (азаматтық, қылмыстық, мамандандырылған) бойынша жеке. Тиісті білімі болған кезде бір судья бір уақытта бірнеше санат бойынша резервте болуы мүмкін (мысалы, Жоғарғы Соттың азаматтық және қылмыстық алқаларының төрағасы қызметіне);

2)           Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне – бірыңғай резерв, маманданымына қарамастан;

3)           облыстық сот төрағасының қызметіне – бірыңғай резерв, облыстық соттың орналасқан жеріне қарамастан;

4)           облыстық сот алқасы төрағасының қызметіне – әрбір алқа (азаматтық, қылмыстық) бойынша жеке және әр облыс бойынша бөлек. Тиісті білімі болған кезде бір судья бір уақытта бірнеше санат (мысалы, облыстық соттың азаматтық және қылмыстық алқаларының төрағасы қызметіне) бойынша немесе бірнеше облыстар бойынша резервте болуы мүмкін;

5)           облыстық сот судьясының қызметіне – облыстық және оған теңестірілген әрбір сот бойынша жеке резерв. Бір адам бір уақытта бірнеше өңірде бойынша резервте болуы мүмкін;

6)           аудандық сот төрағасының қызметіне – әр аудандық сотқа бөлек резерв. Бір адамның бірнеше аудандық сотқа, барлық аудандық соттарға, нақты облыстағы аудандық соттарға, облыс орталықтарында орналасқан аудандық соттарға, белгілі бір мамандандырылған соттарға (экономикалық, әкімшілік және т.б.) резервте тұруына болады.

 

Нұсқа ретінде аудандық соттар судьяларының қызметтеріне кандидаттардың деректер базасын енгізу ұсынылады  (жұмыс істеп жүрген судьялар және судьялыққа кандидаттар бойынша бөлек).

 

Резервті:

1)           жұмыс істеп жүрген судьялар;

2)           бұрын судья қызметін атқарған адамдар;

3)           судья емес адамдар («сырттан кіру мүмкіндігі» көзделген судьялардың бос орындарына) арасынан қалыптастыру ұсынылады

 

Резерв орталықтандырылған негізде қалыптастырылатын болады, яғни кадр резервтері жөніндегі облыстық комиссияларды құру қарастырылмайды.

Резервке тұруға ниет білдірген кез келген адам жыл бойы Комиссияға тиісті өтініш бере алады. Бұл ретте жұмыс істеп жүрген судьялар өтініш қана береді. Барлық қалған материалдарды (мінездемені, жұмыс көрсеткіштерін, шағымдар туралы мәліметтерді) Комиссия облыстық соттардан сұрататын болады. Бұл облыстық соттар тарапынан кандидатты резервке алуға жанама кедергі жасауын (мысалы, мінездеме беруден негізсіз бас тарту арқылы) болдырмауға мүмкіндік береді. Осы материалдармен қоса Комиссия пікір сұрататын болады (Комиссия үшін ұсынымдық сипатта болады):

облыстық сот төрағаларынан – аудандық соттар төрағалары, облыстық сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметтеріне кадр резервіне тұруға кандидаттар бойынша;

Жоғарғы Сот Төрағасынан – облыстық сот төрағасы, Жоғары Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтеріне кадр резервіне тұруға кандидаттар бойынша.

Судья емес адамдар, оның шінде бұрын судья қызметін атқарған адамдар өтініштеріне оларды сипаттайтын құжаттарды қоса беруі тиіс.

Іріктеу процесі бірнеше кезеңнен тұратын болады.

Бірінші – кандидаттардың заңнамада белгіленген талаптарға (жұмыс өтіліне, оның ішінде судьялық еңбек өтіліне қойылатын талаптарға) сай болуын анықтау негізінде резервке алуға іріктеу процесіне жіберу. Резервке алуға іріктеу процесіне жіберу туралы шешімді Жоғары Сот Кеңесінің аппараты дайындаған қорытынды негізінде Комиссия төрағасы, ал даулы мәселелер болған жағдайда – Комиссия толық құрамында қабылдайды.

Екінші – кандидаттар туралы мәліметтер сандық көрсеткіштердің (жұмыс өтілі, оның ішінде судьялық еңбек өтілі) цифрлық базасына енгізіледі, тиісті балдар автоматты түрде шығарылады (Кеңес аппараты жүзеге асырады), сонымен қатар кандидаттарды бағалау критерийлері (мысалы, сот төрелігін іске асыру сапасы, ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, мінездемесі, маманданымы) бойынша Комиссия мүшелері бағалайды, сондай-ақ кадр резервіне алуға кедергі болатын мәліметтер (кандидаттың әкімшілік жазаларының, оған қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болуы, резервке тұруға ниет білдірген соттарда жақын туыстарының жұмыс істеуі) тексеріледі.

Кандидаттарға цифрлық критерилер бойынша балл шығаруды конкурстық іріктеу шеңберінде қолданылатын бағдарлама (оны резервке алу кезінде қолданылатын критерийлерді ескере отырып, түзету қажет болады) негізінде өткізген жөн болады.

Үшінші – резервке тұруға ниет білдірген кандидаттардың комуникативтік дағдылары мен ұйымдастырушылық қабілеттерін тексеру, сондай-ақ заңнаманы білуі (құқық нормалары бойынша, кандидаттың соттың немесе алқаның жұмысын ұйымдастыруды жоспарлауы туралы сұрақтар) тұрғысынан олармен әңгімелесу (олардан сұхбат алу).

Әңгімелесу барысында материалдық және процестік құқық нормаларын, сондай-ақ судьялар әдебі кодексінің ережелерін білін тексеруге арналған кейс тапсырмалары қолданылуы мүмкін.

Бұл жұмысты Комиссия жыл бойы тұрақты негізде жүргізеді.

Демек, кадр резервіне іріктеу процесін судьялардың бос орындарына орналасуға конкурс процесіне ұқсас өткізу ұсынылады. Бұл ретте бағалау критерилері бойынша тексеру кезеңдерін бағалауды, оның ішінде сұхбат алуды Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелері комиссиялық негізде жыл бойы өткізеді, ал цифрлық критерийлерді Кеңес аппаратының қызметкерлері толтырады. Барлық тексеру кезеңдері бағаларының нәтижелері 2 жыл бойы жарамды болады. Бұл ретте Жоғары Сот Кеңесі аппаратының қызметкерлері жекелеген мәліметтерді жүйелі түрде, тұрақты негізде жаңартып отырады.

Кадр резервінде тұрған адамға судьялардың бос орындарына конкурсқа қатысуы кезінде цифрлық және бағалау кезеңдерінен, сондай-ақ сұхбат алудан өтуі қажет болмайды.

Комиссия бір жылда екі рет алдыңғы 6 айда өткізген жұмысының қорытындылары бойынша резервке қабылдау үшін кандидаттардың қорытынды тізімін қалыптастырады, оны Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қарау үшін енгізеді.

Бұл тізбені қалыптастырудың алдында резервке алуға ұсынылатын адамдардың тізімдері судьялар қауымдастығының қарауына жіберілетін болады:

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы – облыстық соттың төрағасы мен сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьяларының қызметтеріне резервке тұруға кандидаттарды;

жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысы – аудандық сот төрағасының, облыстық сот судьясының қызметіне резервке тұруға кандидаттарды қарайды.

Жалпы отырыстардың қорытындылары Комиссия үшін ұсынымдық сипатта болады.

Резервке қабылдануға ұсынылған адамдардың тізімін, жалпы отырыспен қоса Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңеске де жіберу қажет болады, оның да қорытындысының ұсынымдық сипаты болады.

Сапа жөніндегі комиссияның шешімі негізінде резервке алынуға ұсынылған адамдар сұхбат алудан ғана өтуі тиіс болады.

Бұл ретте лауазымдардың әрқайсысы бойынша резервте тұратын адамдар саны шектелмейді және мынадар ескеріліп анықталады:

1)           кандидаттың алда өткен кезеңдерде алған балдары;

2)           судьялардың нақты бос орнынның талап етілуі (мысалы, облыс орталықтарынан алыс орналасқан соттарға резервте тұруға ниет білдіргендер  Астана мен Алматы қалаларындағы ірі соттарға резервке тұруға ниет білдірген адамдарға қарағанда аз болады).

Резерве болу мерзімі – 3 жыл. Осы мерзім өткеннен кейін немесе ол өтпей тұрып күні бұрын адам кадр резервіне қабылдау туралы қайта өтініш бере алады

Қызметіне жаңа тағайындалған судьялар судьялық қызметінде бір жыл жұмыс атқарғаннан кейін және судьяның кәсіби қызметін бағалаудан өткеннен кейін кадр резервіне қабылдануы мүмкін.

 

Резервтен шығарып тастау

Резервке қабылдауымен қатар Комиссия резервте тұрған адамдарды мониторингідеу жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізетін болады.

Атап айтқанда, резервтен шығарып тастауға негіз туындаған жағдайда (қызметке тағайындалғанда, тәртіптік жауапкершілікке тартылғанда, резервте болу мерзімі өтіп кеткенде және т.б.), Комиссия ондай адамдарды резервтен шығарады, бұл мәселені Жоғары Сот Кеңесінің қарауына енгізу қажет емес. Мұндай тәртіп адамдарды дауланбайтын негіздер бойынша резервтен шығарып тастау жөніндегі техникалық тұрғыдағы мәселелерді Кеңестің отырысына әрдайым енгізу қажеттілігін болдырмайды.

Резервте тұрған адамды одан шығарып тастау негіздерінің болуы туралы облыстық соттар сондай негіздің бар екенін білген кезден бастап 3 күн ішінде Комиссияға хабарлауға тиіс.

Резервтен шығарылған адамдар Кадр резерві жөніндегі комиссияның шешіміне Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға (дауланатын мәселелер бойынша) құқылы.

Кадр резервіне қабылданған және одан шығарылған (шығарып тастау негізін көрсетіп) адамдардың тізімдерін Жоғары Сот Кеңесінің сайтында жариялау ұсынылады.

 

Резервке қабылданған адамдармен жұмыс істеу

Резервке қабылданған адамдармен одан әрі жұмыс істеу де айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады.

Резервте тұру формальды болмауға тиіс, сондықтан резервте тұрған адамдардың біліктілігін арттыру, оның ішінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқыту, сот жүйесі үшін маңызды болып табылатын мәселелер бойынша жұмысқа тарту, ал басшылық лауазымдарға резервте тұрғандарға –сот төрағалары мен сот алқаларының төрағалары болмаған кезде оларға солардың міндеттерін атқаруды жүктеу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Осыған байланысты облыстық соттар мен Жоғарғы Соттың жанындағы  Сот төрелігі академиясы резервте тұрған адамдарға қатысты жүргізілген жұмыс туралы тоқсан сайын Комиссияға ақпарат беруге тиіс.

 

Ескертпе. Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді іске асыру қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді талап етеді.

Дата публикации
10 декабря 2018
Дата обновления
10 декабря 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы