Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Судьялар лауазымдарына конкурстық іріктеуді жетілдіру

Судьялар лауазымдарына конкурстық іріктеуді жетілдіру бойынша

АНЫҚТАМА 

 

Конкурстық іріктеу критерийлерін жетілдіру

Судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысу шеңберінде кандидаттарды бағалау критерийлерін жетілдіру мақсатында мынадай түзетулер енгізу ұсынылады:

- цифрлық критерийлер бойынша:

судьялыққа кандидаттар үшін

«сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде тәжірибесі» және «заңгерлік кәсібі бойынша тәжірибесі» критерийлері «заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі» критерийіне ауыстырылып, оларға: 5 жылдан 10 жылға дейін – 5 балл; 10 жылдан 15 жылға дейін – 10 балл; 15 жылдан көп болса – 15 балл беру.

жұмыс істеп жүрген судьяларға және бұрын судья қызметін атқарған адамдар үшін

«тәртіптік жазасының болмауы» және «расталған шағымдардың болмауы» критерийлері мынадай редакцияда жазылсын: «соңғы 3 жыл ішінде тәртіптік жазасының болмауы» және «соңғы 3 жыл ішінде расталған шағымдардың болмауы»;

«біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы» критерийі алынып тасталсын.

- бағалау критерийлері бойынша:

1. Бағалау критерийлері бойынша балл беру тәжірибесінен бас тартып, «оң/орташа/теріс» және «кедергі болады/болмайды» түріндегі бағалау қолданылады. Мысалы, судьяның сот төрелігін жүзеге асыру сапасы мынадай бағаланады:

   облыстық орташа көрсеткіштен төмен – оң;

   орташа облыстық көрсеткіш шегінде – орташа;

   облыстық орташа көрсеткіштен жоғары – теріс;

Ескерту. Облыстық және мамандандырылған соттар судьяларының сот төрелігін жүзеге асыру сапасын бағалау кезінде тиісті орташа республикалық көрсеткіштер пайдаланылады.

2. мынадай бағалау критерийлері қарастырылған балл (1 балл) сақталып, цифрлық критерийлерге ауыстырылады:

- облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы;

- Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің оң қорытындысы;

- біржылдық ақы төленетін тағылымдамадан өту;

- оң қызметтік мінездеме.

Бұл ретте, Кеңестің тұрақты мүшелерінің қарауына облыстық соттардың жалпы отырыстарының және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің теріс қорытындылары, кандидат теріс немесе орташа бағаланған қызметтік мінездемелер, «кедергі болады/болмайды» деп бағаланды;

3. «ұйымдастырушылық қабілеттері бар» (5 балл), «атқарып отырған қызметінде қанша уақыт жұмыс істеуде (соңғы рет тағайындалғаннан кейін)» (5 жылдан астам – 2 балл, 3 жылдан 5 жылға дейін – 1 балл, 3 жылдан аз – 0) бағалау критерийлері цифрлық критерийлер болып ауыстырылады;

          4. «мелекеттік билік және құқық қорғау органдарында 3 жылдан астам уақыт басшылық лауазымдарда тәжірибесінің болуы» бағалау критерийі кандидатқа қорытынды баға берілген кезде, сондай-ақ судьяның бос лауазымына орналасуға кандидаттарды талқылаған кезде жиынтықта ескеріледі;

          5. «соттың (сот алқасының) жұмысын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бағдарламасының) болуы» критерийі бойынша «оң/орташа» бағалары қарастырылады;

          6. мамандандырылған соттың судьясы, төрағасы лауазымдарына кандидаттарға ол үшін балл берілмейтін, қосымша «мамандандыру бойынша жұмыс тәжірибесі» критерийі қарастырыладыа .

Бұл критерий (мамандандыру бойынша тәжірибенің болуы немесе болмауы) кандидатқа қорытынды баға берілген кезде, сондай-ақ судьяның бос лауазымына орналасуға кандидаттарды талқылаған кезде жиынтықта ескеріледі;

          7. «жоғары тұрған сот сатысының ескерту хаттарының болуы», «заңдылықты бұзу туралы прокурор ұсынымының болуы», «судья әдебін бұзу фактілерінің болуы» қосымша бағалау критерийлері «кедергі болады/болмайды» бағаларымен қарастырылады;

          8. «жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерліктері» критерийі алынып тасталады;

          9. бағалау кезеңінің нәтижелері бойынша әрбір кандидат екі параметр бойынша қорытынды баға алады:

- «кедергі болады/болмайды»;

- «оң/орташа/теріс».

 Судьяларды конкурсттық іріктеу процесінің объективтілігін, ашықтығын және айқындылығын арттыру

1)       3-5 адамнан тұратын арнайы комиссия құрып, судьялыққа кандидаттарды конкурсқа қатысуға жіберуден бас тартуылына шағымдану мүмкіндігі қарастырылады;

2)       Кандидаттардан сұхбат алу кезінде сыртқы байқаушыларды (Жоғарғы Сот судьяларын және ірі отандық компанияларының HR-мамандарын) тарту қарастырылады.

Дата публикации
10 декабря 2018
Дата обновления
10 декабря 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы