
Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңін жариялайды
Осыдан бұрын хабарланғандай Жоғары Сот Кеңесі үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша 59 кандидатты іріктеді.
Сонымен, қазіргі уақытта кадр резервінде 124 кандидат бар. өзекті кадр резервіне сілтеме
Бұл ретте, судьялық кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Кезең-кезеңмен, кейінгі іріктеулер қорытындыларына қарай, жаңа кандидаттар есебінен резерв тұрақты негізде жаңартылып отырады (оның ішінде жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына тағайындалғандар, сондай-ақ Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағида) көзделген жағдайларда адамдар резервтен шығарылады). Қағидаға сілтеме
Осыған байланысты, Жоғары Сот Кеңесі кадр резервін қалыптастырудың келесі кезеңін бастайды. 2021 жылдың 17 мамырынан бастап, жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне алуға құжаттар қабылдаудың жаңа кезеңін жариялайды.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 16 шілде.
Жұмыс істеп жүрген судьяларды, судьялыққа кандидаттарды, сондай-ақ бұрын судья болып жұмыс істеген адамдарды судьялық резервке алу жөнінде өтініштер мен құжаттар тапсыруға шақырамыз.
Кадр резервіне алуға кандидаттарды зерделеу, бағалау және іріктеу кезінде оны қалыптастырудың барлық кезеңдерінің барынша объективті және ашық болуын қамтамасыз ету бағыты жалғастырылатын болады.
Судьялық бос орындарға кандидаттарды іріктеу кезінде және Жоғары Сот Кеңесінің отырыстарында, Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарында кандидатураларды талқылау кезінде басымдық кадр резервінде тұрған адамдарға берілетінін атап өтеміз.
Кандидаттың резервте тұруы судьялық бос орындарға орналасуға алдағы уақытта өткізілетін барлық конкурстардың қорытындыларын шығару кезінде ескерілетін болады.
Сонымен, үстіміздегі жылдың 17 мамырынан бастап, 16 шілдеге дейінгі кезеңде аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервіне (бұдан әрі – кадр резерві) алу туралы өтініштер қабылданады.
Кадр резервіне алу Қағидаға сәйкес жүргізіледі.
Кадр резервіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның біліктілік талаптарына сәйкес келетін, судья қызметінде немесе заң мамандығы бойынша қажетті жұмыс өтілі бар, жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті адамдар алынады, оның ішінде:
1) жұмыс істеп жүрген судьялар;
2) бұрын судья болып жұмыс істеген адамдар (кемінде 5 жыл судьялық өтілі болған жағдайда судья қызметінен босатылған күннен бастап төр жыл ішінде);
3) судьялыққа кандидаттар (кемінде 15 жыл заңгерлік өтілінің және мінсіз беделінің болуы туралы біліктілік талаптарына сай болған кезде облыстық соттың судьясы лауазымына резервке).
Кадр резервін мынадай лауазымдар бойынша қалыптастырады:
1) аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы;
2) облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы;
3) облыстық соттың сот алқасының төрағасы;
4) облыстық соттың төрағасы;
5) Жоғарғы Соттың судьясы;
6) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы.
Кадр резервіне тұруға мыналар құқылы:
1) аудандық сот төрағасының лауазымына – судьялар немесе судьялық қызметте кемінде бес жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдар;
2) облыстық сот судьясының лауазымына – заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе судьялық қызметте кемінде бес жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз судьялар немесе басқа да адамдар;
3) облыстық соттың сот алқасының төрағасы мен төрағасының лауазымына – судьялық қызметте кемінде он жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеттері бар судьялар немесе басқа да адамдар;
4) Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде он жылы судьялық, оның бес жылы облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз судьялар немесе басқа да адамдар;
5) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – Жоғарғы Соттың судьялары.
Кадр резервіне тұруға ниет білдірген адамдар өзі резервке тұруды қалайтын лауазымды көрсетіп, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш береді. Бұл ретте, лауазым санатына қарай соттардың атауы мен маманданымы, сондай-ақ өзі жұмыс істеуді қалайтын республика өңірлері міндетті түрде көрсетілуге тиіс:
1) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – сот алқасы (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер жөніндегі алқа);
2) облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – сот алқасы (азаматтық, қылмыстық әкімшілік істер жөніндегі алқа);
3) облыстық сот судьясының лауазымына – облыстық сот;
4) аудандық сот төрағасының лауазымына – аудандық сот.
Бірнеше облыстық немесе аудандық сотты, барлық облыстық немесе аудандық соттарды, барлық сот алқаларын, нақты бір облыстағы аудандық соттарды, облыс орталықтарында орналасқан аудандық соттарды, нақты маманданым бойынша соттарды (экономикалық, әкімшілік және т.б.) көрсетуге болады.
Тиісті білімі болған жағдайда, бір адам бірнеше санаттар бойынша (мысалы, азаматтық және қылмыстық алқа төрағаларының лауазымдарына) немесе бірненше облыстар бойынша резервте тұра алады.
Жұмыс істеп жүрген судьялар Комиссияға тиісті өтініш қана береді (өтініш судьяның өз қолымен жазылып, қолма-қол берілуі немесе почта арқылы, сондай-ақ электрондық түрде (судья өтінішті өзі қалыптастырып, өзінің ЭЦҚ қоюға тиіс) Төрелік АЖ арқылы жіберілуі мүмкін).
Жұмыс істеп жүрген судьяларға қатысты мінездемелерді, жұмыс көрсеткіштерін, шағымдар туралы, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны жөніндегі прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді Комиссия облыстық соттардан дербес сұратады.
Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын адамдар өтінішке мынадай құжаттарды қоса беруге тиіс:
1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі. Болған жағдайда заң мамандығы бойынша орта арнаулы білімін міндетті түрде көрсету қажет.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуымен толығымен сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін көрсету қажет;
2) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
3) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
4) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері. Болған кезде – сондай-ақ орта арнаулы заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының немесе Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттардың нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмелері.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
Бұрын судья болып жұмыс істеген адамдар сондай-ақ судья болған соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, осы кезенде келіп түскен шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді ұсынады. Анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.
Кандидат тәртіптік жауапкершілікке тартылғанда не оның іс-әрекеттеріне шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада тәртіптік жауапкершілікке тартылу негізі, жаза қолданылған күн және оның түрі, уәждері расталған әрбір шағымның мәні мен оны қарау нәтижелері, ескертпе-хаттар мен прокурорлардың ұсынымдарының мәні мен оларды қарау нәтижелері көрсетілуі қажет.
Кандидаттар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.
Өтініштер мен көрсетілген құжаттар ағымдағы жылғы 16 шілдеге дейінгі (қоса есептегенде) мерзімде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-96-40, 74-99-10.